Балықшы жұқа мұз астына түсіп қаза болды
Оқыс жағдай бірнеше күн бұрын Глубокое ауданындағы Верхберезовский ауылында орын алды
Мұз қатып үлгермесе де 71 жастағы ер адам балық аулуға Водохлебка өзеніне кеткен. Қармаққа ілікке балықты ұстау кезінде ер адамның салмағын көтере алмаған мұз жарылып, балықшы суға түсіп кеткен. Ол жағалаудан 10 метр қашық жерде батып кеткен.
Оқыс оқиғаны анықтаған АІІД қызметкерлері құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
- Мұз қатпағандықтан, мәйітті су атынан алып шығу кезінде кез келген қызметкер суға түсіп кетер еді. Сол үшін ӨБ-26 өрт құтқарушылар үйиінді сатыны жазып, соның көмегімен су астынан мәйітті алып шықты, - дейді ӨБ-26 басшысының міндетін уақытша атқарып жүрген Руслан Баяубаев
ШҚО ТЖД мамандары балықшыларға мұз үстіне шықпауды ескертеді. Өйткені су үстінде мұз енді ғана қата бастады. Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы, әрі кетсе, тек 3-5 сантиметрді ғана құрайды. Ал мұз адамды көтере алуы үшін оның қалыңдығы 10 сантиметрден жұқа болмауы керек. Мұздың мықтылығын тексерудің бірнеше қарапайым әдісі бар. Егер мұз көгілдір, жасыл реңкті болса – мықты, ал ақ түсті мұздың мықтылығы бұдан екі есеге төмен. Ал сұр, бұлыңғыр ақ немесе сары түсті мұз – өте жұқа болып табылады.