Өскеменде көлік жол шетіндегі жыраға түсіп кетті
Апат бүгін күннің бірінші жартысында құс фабрикасы ауданында орын алды
Күзет мекемелерінің бірінің қызметтік көлігі тас жолдан ұшып кетіп, жол шетіндегі жыраға түсіп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Апат куәгерлері жол-көлік оқиғасына жолдың үстіне құм төгілмеуі себеп екенін айтады.
"Өскемен Тәртіп" коммуналды кәсіпорны қаланың әр ауданындағы жолдарды тазарту, құм себу жұмыстарымен әр түрлі мердігер ұйымдар айналысатындығын түсіндірді. Бірақ сапасыз тазартылған жолдар туралы хабарлауға болатын бірегей диспетчерлік қызмет бар. Диспетчер нөмірі: 53-25-77.