ЖМК ауданында қоян жүр
Сәтпаев даңғылы тұрғындарын қоян көргенін айтуда
Ал тұрғындардың айтуынша, қояндар аулаға бірінші рет келіп тұрған жоқ, бұған дейін де келіп жүрген. ЖМК ауданы тұрғындары қоян көргендіктерін былтыр да айтқан болатын.
- Қызымды мектепке апара жатып, екеуіміз қоян көріп қалдық. Бұған дейін де бірнеше рет көріп қалған едік. Аудан қаладан тыс жатқандықтан, жабайы аңдар жиі жүреді, - дейді қала тұрғыны Ольга.
Ал тұрғындар былтыр бұл маңайдан қасқырды да көрген болатын. Қалалық ветеринария бөлімінің мамандары келіп, ол қасқырды іздеген де еді, бірақ таба алмады.