Қазақстанда тағы бір мереке пайда болды
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мерекелік күндер тізіміне тағы бір мейрам енгізетін үкімет қаулысына қол қойды
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта хабарланғандай, мерекелік күндер тізімінде жаңа тармақ пайда болды: "47. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан", деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа мерекені атап өтетін күн де алыс емес екен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 1991 жылы желтоқсан айының соңында ҚР министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын. Ол мемлекеттік биліктің жоғары органдары, мемлекеттік басқарма, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери командованиесінің фельдъегерлік байланысын қамтамасыз етеді.