Ауыр дертке шалдыққан өскемендік азаматша көмекке зәру
Қазір оның анасы қызының өмірін сақтап қалатын қымбат дәрі-дәрмек пен ем-домға қаражат іздеуде
Елене Жермоленко 35 жаста. Бес ай бұрын оның көз жанары көрмей қалған.
- Мамыр айында басталды, - дейді Еленаның анасы Марина Медынина. – Қызым көзінің ауыратынын айтатын. Бірнеше күн шыдап, кейін ауруханаға барлы. Бізге көзге арналған тамшылар жазып берді. Алайда бір аптадан кейін Еленаның жағдайы жақсарудың орнына көзі нашар көре бастады. Онымен қоймай екінші көзі де ауыратынды шығарды...
Еленаға көздің мүйізгек қабығының жарасы деген диагноз қойылды. Осыдан кейін қайта-қайта дәрігерге қаралып, ауруханаға жатуға мәжбүр болған. Дәрігерлер қауіпті ештеңе жоқтығын айтқан. Алайда жеке дәріханалардың біріне қаралғанда олар дереу оңтүстік астанадағы мамандарға бару керек деген кеңес берген.
- Алмадыға келгенімізде бұрын қабылдап жүрген дәрілеріміздің барлығын алдырып тастады, - дейді Марина Васильевна. – Бізге көздің мүйізгек қабығы әбден асқынып кеткенін айтып, ауруханаға жатқызды. Қымбат дәрілер жазды. Арнайы линза тағу керек болды. Бір линза 7500 теңге тұрады да, ол 10 күнге ғана жарамды. Әр 7-10 күн сайын Алматыға тексерістен өтуге барып тұру қажет. Ондағы әр тексеріс құны 3700 теңге. Бір сөзбен айтқанда барлығына көп қаржы керек. Біз қолымыздағының барлығын саттық.
Марина Медынинаның айтуынша, ота туралы сөз болмаған. Көзді сақтап қалуға күш салынуда.
- Көзі қазір ағып кетудің аз-ақ алдында, - дейді ол. - Жөтеліп немесе осы сынды күш түссе... ондай жағдайда көзді тігіп тастайды. Келесі жылы жазда бізге квотамен отаған дайындалуға рұқсат береді деген сенім бар. Өйткені көздің мүйізгек қабығын ауыстырмаса, көре алмайды.
Сол уақытқа дейін барлық ем-дом мен дәрі-дәрмек, жолға 700 мың теңгедей керек.
- Ем үшін квота берілмеді, отаға квота бар. Бірақ бізге соңғы үш жылда көздің мүйізгек қабығына ота жасалмағандығын айтты. Ота үшін кезек те ұзақ екен. Ал көзді қазірден сақтап қалу керек, - дейді баласы үшін жаны қиналған ана.
Еленаның көзі мүлдем ештеңені көрмейді. Үйде де біреудің жетегімен жүріп-тұратын көрінеді.
Еленаның туғандары мүгедектік алу үшін құжаттар жинап жатыр. Бірақ Алматыға кезекті тексеріс үшін баруға ақшалары жоқ. Оған көмектесу үшін ақша аударымдарын келесі реквизиттерге аударуға болады:
Ұялы телефон есепшоты: 8-777-173-35-77 (ұялы телефонына келген балансты Марина Медынина электронды әмиян арқылы шеше алады), Kaspi Gold: 5169 4931 3209 1664.