Өскемендегі бірқатар көшелер жаңа атауға ие болады
Бүгін қалалық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдалым кезінде қаланың ескі 12 көшесінің атауын өзгертіп, атауы жоқ төрт көшеге атау беру туралы шешім қабылданды
Өскемендегі екі атауы жоқ көше, яғни, 20-шы шағын ауданындағы №9 және №11 көшелер еңбегі сіңген педагоге Еңбек ардагері Жақия Шайжүнісов пен шығыстанушы ғалым Лев гумилевтің аттары берілмек.
Тағы Меновное кентіндегі екі атауы жоқ көше Мейірім және Армандастар деп аталады.
Келесі көшелердің атаулары өзгереді:
Октябрьская - Мұхамеджана Тынышпаева,
Крупская - Евгения Брусиловского,
Революционная - Қалиқана Ысқақ,
Советская - Александра Затаевича,
Дзержинского – Әмiре Қашаубаева,
Кирова - Антона Чехова,
Орджоникидзе - Сағадата Нұрмагамбетова,
Куйбышева - Нарын,
Калинина - Шыңгыстау,
Айтыкова - Асар,
Головкова - Бейбiтшiлiк,
Советская (с. Меновное) - Адольф Янушкевича.