Өскеменде газгольдерлерді демонтаждау басталды
Газ ыдыстары тұрған орындарға енді не қойылатыны әзірге белгісіз
Өскемен қаласындағы Добролюбов көшесінің тұрғыны Оксана үй ауласындағы ескі газгольдерлер демонтаждалғанын байқаған.
Алайда қазылып алынған ыдыстарды ешкім әлі алып кетпеген.
Енді ауланың қақ ортасында екі газгольдер тұр. Жергілікті ПИК құтылар көп ұазамай алынатындығына уәде етуде.
- Барлығы бес ыдыс қазылып алынған, - дейді "Березка" ПИК төрағасы Валентина Кузьмина. - Үшеуін алып кетті, екеуі қалды. Бұл туралы жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне хабарладым. Олар алып кететіндіктерін айтты.
Тұрғындар газгольдерлерді жоюға қарсы емес.
- Біздің аулада көлік тұрағы жоқ. Көліктер тура балалар ойнайтын алаңда қаңтарылып тұрады, - дейді Оксана. - Енді осы ескі газгольдерлердің орнына көлікжай жасаса болар еді. Тіпті, одан да өзге пайдалы дүниелер жасауға болады.