Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аягөздік жалғызбасты әке көпшіліктен көмек сұрайды

Аягөз ауданының тұрғыны, бес баласын бағып отырған жалғызбасты әке елден көмек сұрайды

Болат Сейтқазин бес баласын жалғыз бағып отыр. Туған аналары тастап кеткен перзенттеріне отағасы өзі бас-көз болып қалған. Біраз жылдардан бері ұл-қыздарының жағдайын білуге бір де бір рет келмеген бұрынғы әйелінің бұл әрекетіне жалғыз әке мойымай келеді. 44 жастағы еңселі ердің бүгінде еңсесі түскен. Болат қара жұмысқа жегіліп, айына табатын елу мың теңгесін балаларының керегіне жеткізуге тырысады. Алайда тапқан табыс жейтін нан мен жалдап отырған ескі пәтерінің ақысынан артылмайды екен.

- 2002 жылы әйеліммен отау құрдық. 2003 жылдан бері пәтер жалдап тұрамыз. Әйелім былтыр қыркүйек айында кетіп қалды. Үлкен ұлым 10-сынып оқиды. Ал кішкентай қызым 5 жасқа толады. Содан бері осы бес баланы бағып отырмын. Осы кезге дейін аналары бір рет те балаларын іздеп келген емес. Мемлекеттен ай сайын жәрдемақы аламын. Бірақ оның өзі тамақтан артылмайды. Дүкеннен айлап қарызға азық-түлік аламыз. Жәрдемақы түскенде қарызды жабамыз. Әйтеуір өлместің күйін кешіп жүрміз, - дейді жалғызбасты әке.

Бүгінде Болат Сейтқазин бес баласымен қаланың шетіндегі тозығы жеткен саяжайлардың бірін жалдап келеді. Алайда аядай ғана бөлменің қабырғалары шұрық-тесік пәтер суықта жылымай, балалар қыс бойы ауырып шығады екен.

- Қайырымды жандар баспаналы болуға көмек қолын созса екен, - дейді Болат Сейтқазин.

Тәуелсіз елде қиын-қыстау күн кешіп отырса да, бес перзент баянды болашаққа сенеді, баспаналы болармыз деп үміттенеді. Үлкен үйде тұрғысы келетінін айтады. Олар өздерінің жағдайын барынша жасайтын әкесінің бақытты болғанын тілейді.

- Өзіміздің кең үйіміз, сабақты емін-еркін оқитын, жуынатын бөлмеміз болса екен. Әкеміз шәй-тамағымызды уақытылы беріп тұрады. Әкеміз де бақытты болуға лайықты, - дейді Болат Сейтқазиннің ұлы.

Болат Сейтқазиннің тұрмыс жағдайын естіген "Харекет" ұйымы қазіргі уақытта арнайы шот ашып, бес балалы әкенің болашақ үйіне қаражат жинауды бастап кеткен.

Аягөздік жалғызбасты әкеге көмек қолын созамын деген қайырымды жандар болса, қаражатты "Харекет" қайырымдылық қоры мен "Өнер қырандары" театрының шотына аударуын немесе +7 776 500 20 29 нөміріне хабарласуын сұрайды. Айта кетейік, "Харекет" қайырымдылық қоры мен "Өнер қырандары" театрының бірлескен жобасының нәтижесінде 1 жылда 38 отбасы баспаналы болды.


Жеке тұлғалар үшін:

(Каспий терминалдан)

КАСПИЙ ДЕПОЗИТ:

ЖСН 720208401907

КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866

КАСПИЙ ӘМИЯНЫ: 08.02.1972 87765002029

КИВИ ӘМИЯНЫ: 87765002029

ХАЛЫҚ БАНКІ: 4390 8722 0349 4275 (Гүлмира Мұханқызының атына шығады)


Заңды тұлғалар үшін:

"ХАРЕКЕТ" қайырымдылық қоры Қоғамдық ұйымы

БИН 170940025833

KZ91722S000001298489 - KZT КБе - 17

АО "KASPI BANK"

БИК CASPKZKA

Следующая →