Өскеменде қылмыскерді "тани алатын" бағдаршам орнатылды
Енді қылмыс жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлерге жолдан абайлап өтуге мәжбүр, өйткені бет-әлпетті тани алатын бағдаршамдар қылмыскерді "ұстап алуы" мүмкін
Бағдаршамның бейнебақылау жүйесі Ішкі істер органдарының базасымен байланыста отырады, сол арқылы құқықбұзушыларды іздеп табуға мүмкіндік береді.
Қазір мұндай "ақылды" бағдарламдар сынақтан өткізіліп жатыр, егер қылмыскерлермен күресу жұмысында бағдаршамның көмегі тисе, онда қаланың түкпір-түкпірінде орналастырыла бастайды.
- Мектептерге бейнебақылау камералары орнатылды. Келесі жылдан бастап балабақша алаңдарына да камералар орнатыла бастамақ, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласының бейнебақылау камераларын орнатуға болатын 300 орын анықталған.