Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ауруханаларын заманау құрылғылармен жабдықтауға 24 млрд теңге жұмсалмақ

Облыстағы денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар жайлы "Нұр Отан" партиясының ШҚ филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов XXI есеп беру-сайлау конференциясы барысында айтты

Өскеменде ашылған Роботтандырылған хирургия және трансплантология бірегей орталығында 80 адамға ота жасалып үлгерді. Ондағы мамандар Италия мен Германияның үздік емханалары базасында оқып келген.

Зырян мен Аягөзде де екінші деңгейлі инсульттік орталықтар ашылып, жұмыс істеп тұр. Ал Семей жедел жәрдем ауруханасы жанынан Травматология орталығы ұйымдастырылған. Жақын арада Орталық Азияда теңдесі жоқ Гематология орталығының құрылысы басталмақ. Қазақстандықтар өзге елдегі бұндай орталықтан ем қабылдау үшін 60 мың доллар жұмсалады. Ал енді қазақстандықтар тегін емделетін болады.

- Біз барлық ауруханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау үшін 24 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отырмыз, - дейді Даниал Ахметов. - Дәрігерлер ол құрылғылармен жұмыс істей алуы үшін біліктіліктерін үнемі арттырып отырулары керек. Бізде медперсоналды оқытудың үш деңңгейлі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жылына 70 адам оқытылады. Осы үшін ғана бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінеді. Шетелге оқуға жіберілетін дәрігерлер санын екі есеге арттыруды көздеп отырмыз.

Следующая →