АҚШ роботтарға салық салуы мүмкін
Билл Гейтстің айтуынша, роботтарға салық салу арқылы жұмыс орындарын сақтауға болады, адамдар жұмыстан шығарылмайды
Роботтар тауар өндіруге көп көмектеседі, адамдардың жұмысын жеңілдетеді, адамның шамасы келмейтін ауыр жұмыстарды істейді. Кәсіпорындардың көбі жұмысқа роботтарды алғысы келеді.
- Егер адамдар аз жұмыс істейтін болса, онда бос уақыттарын қайда жұмсайды? - дейді Гейтс.
Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта адамдардың көбі жұмыссыз қалу мүмкін. Ал мұны болдырмау үшін роботтарға салық салу қажет. Яғни, кәсіпорын басшылары роботты алар кезінде адамды да қоса жұмысқа алу жағдайын қарастыру керек. Салық заңы осы тұрғыдан жасалатын болады.