Меновное кентіндегі құбыр тарту жұмыстары келесі жылдың желтоқсанында ғана аяқталады
Ал қала әкімі Жақсылық Омар жақын арада арықтар мен шұңқырларды тазарту жұмыстарын жасауды ұйғарып отыр
Қала әкімдігіне кент тұрғындарынан көптеген арыз-шағымдар келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, құбыр салумен айналысып жатқан мердігерлер арықтарға қоқыс толтырып, асфальт пен тұрақжайлардың быт-шытын шығаруда. Қазір қар жауып, жердің бетіне қырбақ қатып, жолдың бүлінген жерлері көрінбей қалды.
Мердігер компанияның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта 27,5 шақырым жерге құбыр төселген.
- Көшелер келесі жылы абаттандырылады. Юбилейная, Школьная, Садовая мен Кооперативная көшелеріне келесі жылы асфальт төселеді, - дейді қала басшысының баспасөз қызметі.