Өскеменде із-түссіз кеткен такси жүргізушісіне іздеу салынды
Алтай Қалиев 30 қазан күні үйден түнде, 1.30-да шығып кеткен. Содан бері қайтып оралмады
Бұл күні Алтай Нұрашханұлының 55 жасқа толған туған күні екен. Түнгі сағат, шамамен, 1.30-да Hundai Accent көлігіне отырып, белгісіз жаққа кетіп қалған.
Өскемендік тұрғынның үйге оралмағанына бес күн болды. Оны іздеуге еріктілер де шықты.
Ер адамның бойы 165 сантиметр, көзі қара, қараторы.
Үстіне қара трико мен қоңыр түсті кроссовка, ақ-қара кофта мен қара желеткі киген.
Көрген-білген жандар болса, +7-702-626-14-92, +7-771-466-54-38, немесе 102 каналына хабарласуын өтінеміз.