Өскемендегі "Үлбі" әлеуметтік орталығы кеңейтіледі
Қала әкімі Жақсылық Омар халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік орталықтың тар екенін байқаған
Қазіргі уақытта "Үлбі" әлеуметтік орталығы жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын 62 зейнеткер мен 16 балаға қызмет көрсетеді. Орталыққа келушілер физиотерапея курсынан өтеді, психологпен кездеседі, шығармашылық жұмыстармен айналысады, бір-бірімен сөйлеседі.
Бұдан бөлек, әлеуметтік орталыққа отбасында зорлық-зомбылық көрген, түрлі қиындықтарға тап болған жандар тұрады.
- Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік орталықты кеңейту керектігін ескеріп, жанына тағы бір қосымша корпус салуды, жанындағы тұрақжайды кеңейтуді ойлап отыр, - дейді қала басшысының баспасөз қызметі.