ШҚО-ға туляремия мен сібір жарасына қарсы екпелер сатып алынды
Дәрі-дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 12 млн теңге қаржы бөлінген
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы туляремия мен сібір жарасына қарсы екпелерді сатып алды, ал оларды өскемендік фармацевтика компаниясы жеткізеді.
Туляремияға қарсы 3600 екпе данасы мен "Аллерген туляремийный" препаратынан 400 ампул сатып алынды. Бұған бюджеттен 7 млн теңге қаржы кетті.
Фармацевтикалық компания 45 күннің ішінде дәрі-дәрмектерді жеткізуі тиіс. Препараттар жеткізілгеннен кейін, екпе жұмыстары басталады.