"Алтай" командасы волейболдан Қазақстан кубогін жеңіп алды
Бірінші орынға шығысқазақстандық "Алтай" және талдықорғандық "Жетісу" клубтары өзара сынға түсті
Алғашқы екі сет күреспен өтті. Екі сетте де соңғы шабуылдарды "Алтай" командасының капитаны Сана Анаркулова жүргізді. Үшінші және төртінші сеттер ең тартысты өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Алтай" құрамасы есеп айрмасы бойынша аздап қалып бара жатқанымен, барлық күштерін салып, септі теңестірді. Кейін қарсыластарын баса озды. Шешуші соққыны Наталья Маммадова жасады. Нәтижесінде "Алтай" командасы жеңіске жетті.
- Біздің команданы қолдау үшін барлық ойындарға келіп жүрмін. Бүгін алтайлықтар үздік ойын көрсетті, - деді жанкүйер Равиль Нигметов. - "Жетісу" – мықты қарсылас. Ол команданың есебінде жеңістер саны жетерлік. Ойын соңы күтпегендей болды.
"Алтай" - "Жетісу" - 3:1 (25:19; 25:17; 23:25; 25:22).