Өскемен құтқарушылары су бөгеті маңайындағы апаттың алдын алды
Арнайы операция "Қыс-2018" республикалық командалық оқу-жаттығу аясында жүргізілді
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Өскемен-Водоканал кәсіпорнының құбырлары жарылып кеткен. Үлбі ауданының 47 мыңнан астам тұрғыны суық сусыз қалды.
Төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобы дереу оқиға орнына келіп, қалпына келтіру жұмыстарымен айналыса бастаған. Өскемен Водоканал кәсіпорнының он жұмыскері де құбыр алмастырға кіріскен. Бес метр құбыр айырбасталған.
Техникалық бригада құбырларды ауыстырып жатқанда, төтенше жағдай тобы тұрғындарға ауыз су тасыды.