Өскемендіктер өздерін сталкер сезіне алады
Осы аптада облыс орталығында S.T.A.L.K.E.R атақты ойындар сериясы негізінде ауқымда квест өтеді
18 жасқа толған әрбір адам өзін Чернобыль аймағында шытырман оқиғаларды іздеуші сезіне алады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Біз анық сюжеттік желі жазып шықтық. Біздің ойын сонысымен ерекшеленеді, - дейді "Сталкер" рөлдік ойынының ұйымдастырушысы Михаил Дубравин. - Онда өзара дұшпан топтар мен еркін сталкерлер болады. Ойыншыларға 30-ға жуық квестті орындау ұсынылады. Ол үшін ойыншылар ойын валюталарын алады. Оған оқ, көздеуіш және тағы да басқа жабдықтар, сондай-ақ, азық-түлік сатып алуға болады.
Михаил Дубравиннің пайымдауынша, жағдай шын мәнінде шындыққа жақын болады. Өзіңмен бірге тамақ әкелуге болмайды. Ойыншыларға "Сталкер" компьютерлік ойынындағыдай пейнтбол және страйкбол қарулары, үш түрлі камуфляж беріледі. Ойынның өткізілетін аумағында қатысушылардың қауіпсіздігі үшін арнайы жолдар жабдықталған. Ойынның басында ұйымдастырушылар арнайы нұсқамалар өткізеді.
Ойын 4 қараша күні сағат 12.00-де Комсомол аралдарындағы экологиялық үй маңында басталып, бес сағатқа жалғасады. Ойынға қатысу туралы толық ақпаратты алу үшін және сталкерлердің бірі болу үшін 8-705-321-56-96 нөмірі арқылы алдын ала өтінім беру керек. Қатысу жарнасы - 4500 теңге.