Қазақстан алтын қорын көбейтті
2018 жылдың үшінші кварталында Қазақстан Ұлттық Банкі сатып алған алтын қоры төрт жылдың ішінде рекорд орнатты
Бүкіләлемдік алтын кеңесі – WGC 2018 жылдың үшінші кварталында алтын сатып алған елдердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің баяндамасына сәйкес, Қазақстан алтын ең көп сатып алған елдердің қатарына жатады. Үш айдың ішінде Ұлттық Банк 13,4 тонна алтын сатып алған.
Ал ең көп алтын сатып алған елдердің қатарына Ресей бірінші орында тұр, ол үшінші кварталда 99,2 тонна алтын сатып алса, Түркия 18,5 тонна алтын алған.