Өскемен тұрғыны панасызды кафеде тамақтандырды
Жуықта әлеуметтік желілерде қала тұрғындары арасында әртүрлі пікір туғызған фото пайда болды
Кеше Өскемен қаласында күн күрт суыған болатын. Облыс орталығына қыз мезгілі келді. Бұл жыл мезгілінде даланы пана еткен жандарға ауыр соғатыны белгілі. Өскемен қаласының тұрғыны күннің суығында далада тамақ сұрап жүрген азаматтан кері айналып өте алмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Мейірімді қала тұрғыны ер адамды кафеге апарып, оны тамақтандырған. Қала тұрғындарының жартысы мейірімді нәзік жандының бұл қылығын жақтаса, енді бір бөлігі даттаған.
- Мұндай адамдарды жалпы тамақтану орындарына кіргізуге болатын ба еді? - деп жазды өскемендіктер әлеуметтік желіде. - Оның бір ауруға шалдыққан болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол адамдарға жұқтыруы да әбден мүмкін.
- Ол бірреттік ыдыстан тамақ ішті. Сондай-ақ, ол науқас болды, себебі оның бір қолы дәкеленген. Тамақ сұрап, жылап тұрды, - деді оқиға куәгері. - Бей-жай қалмай көмек қолын созған әйелден үлгі алу керек.
Қала тұрғындары фотодан мейірбан әйелді көріп, оны танып жатты. Ол – қалалық колледждердің бірінің директоры. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оған алғыстарын жаудырып, басқаларға үлгі етті.
- Риддердегі бір кафенің иесін таныймын. Ол күнделікті ыстық тамаққа толған үстел жайып қояды. Мұқтаж жандар оны біліп, ылғи барып тамақтанады, - деді қала тұрғындары.