Испанияда мүсінші диктатордың қабір тасын бояп тастаған
Мүсінші Энрике Тенрейро Испан диктаторы каудильо Франсиско Франконың қабір тасын қызыл бояумен бояған
Мүсінші "бостандық үшін" деген жазуымен құстың бейнесін салған. Ол өзінің ата-анасы, ата-әжесінің ұрпақтарының "ұрланған еркіндіктеріне қарсы наразылық ретінде" көгершінді бейнелеген.
Испанияның Ұлттық гвардия қызметкерлері келгенге дейін ер адамды кешен күзетшілері ұстады. Гвардия қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін Э. Тенрейроны босатылған. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Тенрейро бояуды қауіпсіздік қызметкерлерінің күмәнін туғызбастан, Ф. Франко жерленген базиликаға пластикалық ыдыста кіргізген.