Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
443.16
+0.13
480.39
+0.01
¥
61.18
-0.01
4.94
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен: көшеттер құрылыс қоқыстарының үстіне отырғызылуда

Қаланың белсенді тұрғындары коммуналды қызмет өкілдеріне шағымдануда

Өскемен қаласының Протозанов көшесі, 107-үйдің тұрғыны Юрий Анатольевич көшеде жол жөндеу жұмыстары жасалған соң, коммуналды қызметшілердің құрылыс қалдықтары шашылып қалған топырақтың үстіне көшет егіп кеткенін айтады.

- Топырақтың үстінде қиыршық тас, асфальт, бетон дейсіз бе, шағыл тас дейсіз бе, бәрі шашылып жатыр. Енді оның үстіне жас шыршаларды отырғызып кетті. Ертең шыршалардың барлығы қурап қалады, өйткені олар оны топыраққа отырғызған жоқ қой, - деп таңқалды тұрғын.

Өсімдіктанушы мамандар да бұған таңдай қағып отыр.

- Көшеттерді дұрыс отырғызған жоқ, әрине. Бетон сынықтар талдың тамыр жаюына мұрсат бермейді, қиып жіберуі де мүмкін. Битумның үстіне қылқан жапырақты ағаштар мүлдем өспейді. Ең болмағанда, бір текше метр топырақ болса, көшеттің өсуіне жағдай болатын еді, - дейді көгалдандырушы маман Игорь Верещагин.

Құрылыс жұмысымен айналысатындардың жоспарды орындау үшін, нысанды уақытында бітіру үшін асығыстық танытып, бәрін зая ететіні өкінішті. Мәселен, "Нұрлы жол" саябағына отырғызылған шыршалардың жартысы қурап қалды. Өйткені көшеттерді мезгіл мен ауа-райын ескере отырып егу керек болатын. Аптап жазда отырғызылған шыршаларға су жетпей, қурап қалған еді.

Следующая →