Ресей, Үндістан мен Иран жаңа жол тармағын құрмақ
Аталған үш елдің тауар таситын жолы Суэц каналына ұқсас болмақ
"Солтүстік-Оңтүстік" атты транспорт коридорының ұзындығы 7,2 мың шақырым болмақ әрі Суэц каналына қарағанда тауар тасу әлдеқайда арзан түспек.
Жоба аясында су жолы да, темір жол да салынуы мүмкін. Болжам бойынша, бұл жолмен жылына 20-30 млн тонна жүк тасылмақ. Ал тауар тасу шығын 30-40%-ға дейін азаяды.
Үндістанның сауда-саттық және өндіріс министрі 2014 жылы жасалған жобаны жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.
"Солтүстік-Оңтүстік" транспорт коридоры арқылы Үндістанның тауарлары Иранның Бендер-Аббас қаласына, кейін Каспий жағасындағы Бендер-Энзели қаласына жіберіледі. Одан әрі Астрахан арқылы Еуропаға жеткізіледі.