Облыста көктайғақ: көліктер бірінен кейін бірі соғылып жатыр
Коммуналды қызмет өкілдері таңғы сағат 5-тен бастап жолға құм сеуіп жатыр
Жолдардың көктайғаққа айналуына байланысты жол апаты да көбейді. Қалада да, тас жолдарда да апат көбейді.
Ал қала әкімдігінің баспасөз қызметі қауіпті жол телімдеріне құм себу жұмысы таңғы сағат 5-тен басталатындығын айтады.
- Үлбі, Ертіс және Защита көпірінің маңында арнайы кезекші көліктер қойылған. Олар жолдың жағдайын бақылауда ұстайды: тайғақ жерлерде қайта-қайта құм себеді, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде де қала тұрғындары бір-біріне абай болуға шақыруда. Осинов асуының өзінде үш жеңіл көлік, жолаушылары маршруты мен грейдер, КамАЗ аударылып қалды.
- Жолға құм себілмеген, өте абай болу керек, - деп жазды жүргізушілер.