Өскеменде терминалдарды тонаған ұрылар ұсталды
Полицейлер қалада бірнеше терминалды тонаған ұрыларды ұстап алды
Бір түнде Орджоникидзе, Крылов пен Протозанов көшелерінің бойында дүкендердің төлем қабылдайтын терминалдарын тонаған 25 жастағы екі азамат болып шықты.
Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлерге дүкеннің тоналғандығы жайлы күзет агенттіктерінің бірі хабарласқан. Крылов көшесінде орналасқан дүкеннің дабыл белгісі қосылған екен.
Оқиға орнын тексеру барысында ұрылардың дүкенге есікті бұзып кірмек болғаны анықталған.
Қазір ұсталған жігіттерге қатысты соталды тергеу жұмыстары жасалуда.