Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде қарызы барлардың жарығы өшіріледі

Энергиясыз қалған тұтынушылар көбі түбіртектерді ала алмайтындығын және нақты төленетін төлем мөлшерін білмейтінін айтады

Дүйсенбі күні үйде жарықтары сөндірілген Өскемен қаласының тұрғындары Ворошилов көшесіндегі "Шығысэнерготрейд" кеңсесіне жиналған. Олар қарыздары барын білмегендіктерін айтып, наразылықтарын білдіруде.

- Кеше түнде ұйықтар алдында жарық болған, таңертең тұрсам жоқ. Төлемді соңғы рет 1 қазанда төлегенмін, бірақ түбіртек келмеді. Кейін менің қарызым бар екенін білдім, сол себепті электр қуатын өшіріпті. Алайда қарыз туралы хабарлама және ескертулер келмеді, - дейді қала тұрғыны Андрей.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС есепшотына жіберген төлем жеткіліксіз болып, қарыз пайда болған.

- Менің 150 теңге қарызым бар екен. Мұндай күлкілі сома үшін жарықты өшіррген! - деп басқа тұтынушы Светлана қатты ашуланды. - Енді жарықты қайта қосу үшін 2 800 теңге төлеуге тура келеді!

Түбіртекті "Шығысэнерготрейд" ЖШС компаниямен шарт жасасқан "Қазпошта" АҚ таратады екен. Егер тұтынушы төлем туралы шотты алмаса, "Шығысэнерготрейд" ЖШС-на шағымдана алады. Төлемді келесі айдың 25-іне дейін қатаң түрде төлеу керек және оны Ворошилов көшесіндегі компанияның кеңсесіндегі терминал немесе касса арқылы жүзеге асыруға болады.

Следующая →