Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды
Күршім ауданының тұрғынына заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды
Ер адам Зайсан көлінде балықшылықты кәсіп еткен. Атап айтқанда, ол балықтарды қолдануға тыйым салынған синтетикалық аумен аулаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
ШҚО Күршім аудандық соты ҚР ӘҚБтК 383-бабы 3-тармақшасы "Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу" бойынша браконьерге қатысты әкімшілік істі қарап, құқықбұзушыны кінәлі деп таныды. Ер адамға 48 мың теңге айыппұл тағайындалды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық құралын жою туралы қаулы шығарылды, - деп хабарлады Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.