Палестина Израильді мойындаудан бас тартуы мүмкін
Израиль Палестинаның 1967 жылғы астанасы Шығыс Иерусалимді мойындамаса, Палестина Орталық Кеңесі Израильді мойындаудан бас тартты
Мұндай шешімнің орындалуы Палестина президенті Махмуд Аббасқа байланысты, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Израильдің қол қойылған келісімдерден бас тартқандығына байланысты Палестина Орталық Кеңесі өтпелі кезеңді жоқ деп есептейді. Егер Израиль 1967 жылдағы шекарадағы Палестина мемлекетінің астанасы Шығыс Иерусалим екенін мойдамаса, палестиналық билік пен палестиналық орган Израильмен келісімдерге қатысты міндеттемелерін тоқтату туралы шешім қабылдайды, - деп мәлімдеді кеңес.
Сонымен қатар, Палестина Израильмен қауіпсіздікті нығайту және экономикалық үйлестіруді тоқтатуға дайын.