Өскемен қаласында қайырымдылық көрмесі өтеді
Халық қолөнер туындылары мен ағаштан жасалған мүсіндер қойылатын көрмені шебер Юрий Костанянц ұйымдастырып отыр
Көрме 1 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафт мұражай қорығында өтпек.
Мұражайға 60-қа жуық туынды қойылған. Юрий Костанянцтың туындыларымен бірге Виталий Стахович, Андрей Отческий, Алексей Прокошкин, Евгений Усанов, Лариса Солдатова мен Юрий Денисовтың туындылары қойылады.
Көрме 1 қараша күні сағат 15.00-де ашылады. Мекенжайы М.Горький көшесі, 59-үй "Алтай" көрме залы.
Ал жиналған қаржының 80 пайызы мұражай үйін қалпына келтіруге жұмсалмақ. Көрмеге сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін келуге болады. Билет бағасы балаларға 300 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге 500 теңге, ересектерге 500 теңге.
Айта кету керек, 12 қазан күні халық қолөнер туындылары қойылған мұражай үйі өртеніп кеткен болатын. Ал мұражайдың қызметкерлері тұрғындардан ғимаратты қалпына келтіруге қаржылай көмек сұрап отыр.