Еуропада "ұзақ өмір сүретін" мемлекеттер белгілі болды
Еуропалық Одақтың Eurostat атты статистикалық қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Еуропада ең көп өмір сүретін бұл швейцарлықтар екен
Швейцарияда өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 83,7 жылға тең.
Екінші орында Испания (83,5 жыл), одан кейін Италия (83,4 жыл), Франция, Люксембург және Кипр (82,7 жыл) жайғасқан.
Ал өмір сүру ұзақтығы аз елдердің қатарына Болгария, Латвия мен Литва (74,9 жас) қалып отыр.
Ал мемлекет ішіндегі аймақтардың "өмір сүру" ұзақтығын алатын болсақ, мұнда біршама өзгешелік бар. Мәселен, Испанияның Мадрид аймағында ең ұзақ өмір сүретін (85,2 жыл) адамдар тұрады. Одан кейін, Швейцарияның Тичино аймағы (85 жас), Испанияның Ла-Риоха аймағы (83,4 жас) жайғасқан.