Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде өртеніп кеткен экологиялық үй қалпына келтірілді

Өскемен қаласының жастар жұмысы жөніндегі сарапшылар тобы өртеніп кеткен үйдің орнына жаңа үй салуға шешім қабылдады

Ал фото-студия алаңы ретінде салынған, кейін өртеніп кеткен экологиялық үйдің орнына қабырғалары өртенбейтін материалдардан салынатын жер үй тұрғызылмақ. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдары жөніндегі қауымдастық директоры Ольга Бобрышева хабарлады.

- Бүгінгі отырысымызда біз бұл үйді қайта қалпына келтіреміз деп шештік, - дейді Ольга Бобрышева.

Ольга Бобрышеваның сөзіне қарағанда, экологиялық үй өртеніп кеткен кезде, сенер-сенбесін білмей, біраз уақыт есеңгіреп қалған. Бірнеше күн өткеннен кейін ғана бұған қатысты түсініктеме беруге бел буған.

Алдағы уақытта отырысқа қатысушылар жаңа ғимараттың қай жерде салынатындығын жобаламақ. Сол жақ жағалау саябағында болуы мүмкін деген жорамал бар.

Айта кету керек, өткен аптада Комсомол аралында орналасқан, Александр Горбатовтың фотосуреттері ілінген экологиялық үйдің ғимараты өртеніп кеткен еді. Қазір өскемендіктер әлеуметтік желі арқылы Александрді қолдау үшін қаржы жинап жатыр.

Следующая →