Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Air Astana қысқы кестеге көшті

2018 жылғы 28 қазаннан бастап "Эйр Астана" қысқы маусымға көшті

Ол 2019 жылғы 30 наурызда аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезеңде «Эйр Астана» Астанадан Лондонға, Омбыға, Алматыдан Бейжіңге, Астана және Алматыдан Киев, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына қатынайтын рейстерді қысқартады.

"Эйр Астана" биылғы қысқы маусымда әлемнің 20 еліне, соның ішінде ТМД-ның бес еліне (Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан), сондай-ақ Грузия мен Украинаға рейстерін ұшыра бермек. Компанияның жеке рейстері 40 қалаға, соның ішінде шетелдің 28 қаласына ұшады.

ТМД елдеріне қатынайтын рейстер: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы, Екатеринбург, Новосібір, Түмен, Баку, Бішкек, Ташкент, Душанбе қалаларына, Киев пен Тбилисиге ұшады.

Ішкі рейстер Қазақстанның 12 қаласын қамтиды. Олар: Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қарағанды.

Следующая →