Трамвай паркінің жұмысшылары жалақыларын алды
Трамвай паркінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының көмегімен ұзақ уақыт бойы ала алмай жүрген еңбекақыларын алды
Трамвай паркінің қызметкерлері ғана емес, оларға медициналық қызмет көрсететін мамандар да жалақысыз отырған. "Өскемен Трамвай паркі" ЖШС-ның 190 қызметкері үш ай бойы, "Защита темір жол ауруханасы" ЖШС-ның 357 қызметкері екі ай бойы еңбекақы алмаған екен.
- Қазіргі уақытта прокурордың қадағалау шараларының арқасында медициналық мекеме жұмысшыларына 21,5 млн теңге, ал трамвай паркінің жұмысшыларына 21,7 млн теңге еңбекақысы өтелді, - дейді ШҚО Көлік прокуратурасы.
Одан бөлек, еңбекақыны төлемей ұстағаны үшін кәсіпорындарға айыппұл да салынған.