Полицейлер бұтаға барып жасырынған ұрыны ұстап алды
Құқық бұзушы бұтаның арасында барып жасырынып құтылмақ болған
Сенбі күні полицияға Глубокое ауданының 25 жастағы тұрғыны келіп жүгініп, көлігінің ұрланып кеткенін айтқан. Зардап шегуші жоғалған Ваз-21093 көлігін 700 мың теңге деп бағалаған.
- Көліктің жоғалған уақыты мен орнын есептей отырып, полицейлер Өскемен-Риддер тас жолына шығып, іздеу жұмыстарын жасамақ болған. Көлік багында бензин аз болғандықтан, көлік тонаушы да ұзаққа бара алмайды деп жорамал жасаған полицейлер де оны көп ұзамай тауып алды. Бірақ полицейлердің ескертуіне тоқтай қоймаған, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Жүргізуші полицияға ұсталып қалмаудың бар амалын жасап, фильмдегі қашу операциясын ұйымдастырған. Бірақ ұсталып тынды. Көлік аударылып, жүргізушінің өзі бұталардың арасына жасырынып қалған. Бұталардың арасына жатып жасырынған жігітті ұстап алған полицейлер оның Прапорщиково ауылының 29 жастағы тұрғыны екендігін анықтады.
Қазір соталды тергеу жұмыстары жасалуда.