"Алтай" өз ойыншыларын "даладан" алған
"Алтай" волейбол клубына Юнеско Роблес Батистаның таққан наразылығын қарастыру бойынша сот отырысы даусыз өтпеді
Өскемен қалалық сотында бүгін Юнеско Роблес Батистаның "Алтай" волейбол клубының үстінен түсірген арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Соңғы уақыттарда клубқа шетелден келген ойыншылар дау-дамаймен кетіп жатыр. Бұған дейін клубты жеңіске жетелеп келген жетекші бұғаттаушы Алеся Сафронова мен бас бапкер Бурхан Жанболатпен де жағымсыз жағдайда қоштасқан болатын. Ал ерлер құрамасынан Руслан Сорокинс де кеткен болатын.
Енді командадан диагоналды ойыншы, жанкүйерлердің сүйіктісі, ҚР азаматтығын алған Кубаның тумасы Юнеска Роблес Батиста да кетті. Ол Кристина Аниконова Юнимен бірге "Алтайдың" жетістік символы іспетті еді. Өйткені олар команданың негізі қаланған 2015 жылдан бері бірге ойнап келген еді. Клуб Юнескомен бірге үш рет Қазақстан чемпионатын, екі рет республиканың супер кубогін жеңіп алған. Ал қазір ойыншы басқа командада ойын көрсетіп жүр.
- Менің жаттықтырушылар мен қыздарға, жалпы командаға наразылығым жоқ, - дейді Юни. - Тек менің ақшамды қайтарса болғаны. Спорттық келісімшарттың талаптары орындалған жоқ.
Ойыншының қорғаушысы Игорь Андреевтің айтуынша команда Юнеско Роблес Батистоға 10 млн теңге қарыз. Бес ай бойы команда басшылығы ойыншының ақшасын алуына кедергі келтіріп келе жатқанымен қоймай, спорттағы мансабына да айтарлықтай кері әсер етуде. Ал клуб өкілі болса, сот отырысы барысында Юниге тіл тигізген.
- "Алтай" команласы оны даладан алды, - деп мәлімдеді Тоқсейітов. - Ол ешқандай клубта ойнамаған еді ол кезде.
Ал Юни бұған төтеп берді.
Сот отырысының алдында тараптарға бейбіт келісімге келу ұсынылды. Алайда Юни бас тартты.
- Келіссөз кезінде жауап беруші тарап істі бейбіт жолмен шешпек болды, - дейді Юнесконың қорғаушысы Игорь Андреев. – Олар Юнескоға тиесілі ақшаның барлығын төлеп беруге әзір. Тек ол командада қалып, әрі қарай ойнауы керек деген талап қойды.
Алайда Батиста бұл командаға енді қайтып оралмайтынын айтқан.