Асыл тұқымды иттің иесі іздестірілуде
Кеше Өскемендегі Сәтпаев даңғылы маңайынан ашығып қалған алабай тұқымды ит табылды
Кеше Өскемендегі Сәтпаев даңғылы маңайынан ашығып қалған алабай тұқымды ит табылды.
Сол жағалау паркі маңында өзіне азық іздеп жүрген төрт аяқтыны Татьяна есімді әйел адам байқап қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Татьяна итті құрғақ азықпен тамақтандырған, - дейді "Дворянин" жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорының басшысы Лариса Прокопьева. - Алабай қатты ашығып қалған. Оның үйге бейімделгені көрініп тұр. Себебі, алабай өз еркімен азық таба алмаған. Мен оған қарғыбау мен бүргеге қарсы дәрі алдым. Біз оны ветеринарлық клиникаға орналастырдық.
Бір қызығы, иттің еміне де Татьяна есімді қыз бала төлем жасауға келіскен. Енді Сұлтан атты алабайдың жаңа иесі іздестірілуде. Дегенмен, Лариса Прокопьева бұрынғы иесі де табылып қалуы мүмкін деп пайымдауда.
Егер де төрт аяқтыны өзіңіздің қарауыңызға алғыңыз келсе, 8-705-235-76-98 нөміріне хабарласуыңызға болады.