Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Шетел көлігіне соғылған "Нива" жыраға түсіп кеткен

Кеше кешкі 19.00 шамасында ШҚО тас жолында екі көліктің соқтығысуымен ауыр апат орын алды

Глубокое ауданының Черемшанка ауылына жақын маңда "Нива" мен Renault көліктері соқтығысқан.

- Ресей автокөлігі Риддер жақтан бет алған. Черемшанкаға екі шақырым қалғанда көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Нәтижесінде "Нива" қарсы бетте келе жатқан Renault маркалы көлігіне соғылған. Соққыдан жыраға ұшып кеткен.

Әлеуметтік желіде жылдам таралып үлгерген суреттер қатты соққыдан сау тамтығы қалған көліктерді көруге болады. Алайда ШҚО ПД хабарлағандай, апатта зардап шеккендер жоқ. Факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ӘҚК 610-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырды.

Іс материалдары Глубокое аудандық сотына жіберілді.

Следующая →