Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
521.67
+4.76
592.46
+6.13
¥
71.42
+0.76
6.32
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да бір тәулік ішінде 170 тонна шөп өртенген

Өткен демалыс күні ШҚО ТЖД мамандары облыстың әр ауданында орын алған үш ірі өртпен күресуге мәжбүр болды

Өрт сөндірушілер Ұлан ауданындағы Тарғын ауылында шыққан өртпен тіпті 12 сағат бойы алысқан.

Мамандардың айтуынша, өрт Айтықов көшесіндегі үйдің есік алдында шыққан. Жалын шөп пен шаруашылық нысандарын шарпыған. Екпінді желдің кесірінен өрт көрші бес үйдің шөбі мен шаруашылық нысандарына жеткен.

Құтқарушылар тұрғындармен бірге қорадағы малдарды шағыруға да көмектескен. Сонымен қатар, мамандар шаруашылық нысандарының ішінен тағы екі газ баллонын да алып шыққан. Тілсіз жауды тек төрт сағаттан кейін ғана ауыздықтау мүмкін болған. Қалған сегіз сағат бойы мамандар өрт шығу ошағын жою жұмыстарымен айналысты.

- Тарғын ауылында шыққан өрттің аумағы 400 шаршы метр. 120 тонна шөп өртеніп кетті. Тілсіз жаумен күрес жұмыстарына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 20 маманы мен 6 бірлік техника, Асубұлақ орман шаруашылығының үш маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сол күні Жарма ауданындағы Кентарлау ауылында тағы бір өрт шыққан. Бұнда да шаруашылық нысандары мен 45 тонна шөп өртке оранды. Мамандар мен ауыл тұрғындары күш біріктіріп, жеті сағаттың ішінде өртті ауыздықтады.

Үшінші өрт оқиғасы Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында орын алды. Онда да бес тонна шөп өртеніп кеткен.

Барлық жағдайлар бойынша мамандар екі нұсқаны қарастырып отыр – қасақан өрт қою және өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өрт салдарынан облыста жалпы 1320 тонна өртенген.


Следующая →