Өскеменде жаяу жүргіншілер жолы жабдықтала бастады
Қазіргі уақытта Ивушка ауданында және бұрынғы жедел жәрдем ауруханасының ғимаратында жұмыстар жүргізілуде
Тұрғындар қала әкімі Жақсылық Омармен кездесу кезінде жаяу жүргіншілер аймағының жоқтығына шағымданған болатын.
Сол кезде Өскемен қаласының әкісі бұл мәселені шешуге уәде берді. Жұмыстар келесі жылға қалдырылмады. Оның үстіне ауа райы да жұмыс жүргізуге қолайлы.
- Қазір Алматы мен Белинский көшелері, Грузинская және Виноградов көшелерінің арасында жаяужол төселуде, - деп хабарлады "Өскемен-Тәртіп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.