Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жаңа орында өтті

Енді Мыза көшесінің тұрғындары да әр сенбі сайын алысқа ұзамай-ақ өз аудандарынан сауда жасай алады

Бүгін Мыза көшесіндегі Альшемали сауда үйінің маңында алғаш рет жәрмеңке өтті. Бұл жолы жәрмеңкеге Катонқарағай, Күршім, Көкпекті аудандарымен қатар қала маңындағы Меновное, Красино, Прапорщиково мен Зимовье кентінің де шаруалары келіп, өнімдерін саудаға қойды.

- Біздің көшемізге де жәрмеңкенің келгені қуантады, әрине. Әсіресе, зейнеткерлерге Фрешмаркетке бару қиын. Әзірше балық консервісін ғана сатып алдым, енді картоп алу керек. Оның бір келісі 60 теңгеден сатып жатыр екен, - дейді қала тұрғыны Надежда Дмитриевна.

Қала тұрғындары жәрмеңкені келгеніне дән риза болса да, саудагерлер жаңа орын ұнай қоймаған. Айтуларынша, сауда жоқ.

- Бұрын ММС маңында жәрмеңке ұйымдастыратын едік. Онда келіп-кетушілер көп. Сауда жақсы жүреді. Ал мына орын тым шағын әрі орталықтан тыс жатыр. Көзге көрінбейді де. Егер Металлургтер мәдениет сарайына қайтатын мүмкіндік болса, онда сол жерге баруға дайынмын, - дейді онаурызшы Константин Севастьянов.

Ал бағаға келетін болсақ, мұнда әжептәуір арзан көрінеді. Мәселен, көкөністер арасында картоптың бір келісі 60 теңгеден сатып жатқан болса, алманың келісі 200 теңгеден басталады, тәтті бұрыштың келісі 200 теңге, қызанақтың келісі – 480 теңге.

Одан бөлек, жәрмеңкеде сүт өнімдері мен шұжық өнімдерінің мол түрі сатылымға қойылды. Ұнның келісі 85 теңгеден басталады, қанттың келісі – 285 теңге. Макарон өнімдері 148 теңгеден басталады.

Следующая →