Қазақстан президенті Қырғызстанға ресми іссапармен барады
Қазақстан мен көрші елдің сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың алдағы сапарын талқылады
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Біз бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қырғыз Республикасына жасайтын алдағы ресми сапарының күн тәртібін мазмұндық жағынан дайындап, толықтыру жөніндегі жоспарларымызды талқыладық, - деді ырғызстан СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбеков Астанада Қазақстан СІМ басшысымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.
Қазақстан сыртқы істер министрінің айтуынша, Назарбаев Қырғызстанға 2019 жылы барады.