2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 мыңнан астам Өскемен тұрғынының жалақылары көтеріледі
Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындауы туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты
Қалалвқ қоғамдық кеңестің өкілдерімен кездесу кезінде Өскемен тұрғындарының өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты жоспарлар айтылды.
- Облыс орталығының 12 мың тұрғыныңың жалақылары өседі деп сенімді түрде айта аламын, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Сондай-ақ, біз, қаланың ірі кәсіпорындарының барлық басшыларымен кездестік. Олар жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлерінің жалақысын көтереді. 1345 балабақша тәрбиешісі үшін біз біліктілік талаптары мен жұмыс жүктемесін қарастырамыз. Сол арқылы жалақы көтерілуі мүмкін.