Өскеменде жұмыртқа қымбаттады
Қазір жұмыртқаның бағасы базарда 300 теңге, ал супермаркетте 350 теңгеден
Жұмыртқа бағасының қымбаттауы жыл сайын байқалады. Дегенмен жұмыртқа өндірушілердің сөзіне сүйенсек, Шығыс Қазақстандағы жұмыртқа бағасы өзге өңірлермен салыстырғанда төмен. Жалпы бағаның қымбаттауына бірнеше себеп бар.
- Мамыр мен тамыз аралығында қысқы мерзіммен салыстырғанда халық жұмыртқаны аз алады, - деп хабарлады Тауық өсірушілер ассоциациясының басшысы Максим Божко. - Өйткені жазда адамдар көкөніс пен жеміс-жидек алады. Одан өзге каникул мен еңбек демалыстары кезеңі ғой. Сондқтан да нарық экономикасы заңдылығына сәйкес, сұранысы аз өнімдер бағасы төмен болады. Ал күзде баға көтеріліп, қалыпқа келеді.