Зырянда жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды
Еріктілер мен өзгенің қайғысына бейжай қарамайтын азаматтар он күн бойы Екатерина Королеваны іздеген болатын
Екатерина Зырянға жақын маңдағы Подорленок деп аталатын шағын ғана ауылда тұрған. Ол 14 қазан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Екі күннен кейін іздеу жұмыстары басталып, іздеуге еріктілер де қосылды. Алайда кеше ғана бойжеткеннің өлі денесі табылды.
Мәйіт айдаладан табылған. Қыздың мойнында қашаға ілінген жіп болған. Ауыл шағын ғана және іздеушілер ауыл ішін бірнеше рет сүзіп өтсе де, мәйіт тек 10 күннен кейін ғана табылды. Әзірге тәртіп сақшылары түсінік бермей отыр. Тергеу жүріп жатыр.