Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бажов көшесіне су құбыры тартылғанымен, тұрғындар оған қосыла алмай отыр

Көше бойынан қазылған ор үйден алшақ жатыр

Өскемен қаласының коммуналды қызмет өкілдері әуежайға дейінгі көшелерге су құбырын тарту жобасын іске қосып, Бажов көшесінде құбыр тартылған. Алайда кірпіш зауыты маңында тұратын азаматтар бұл құбырға қосыла алмай отыр.

- Жақында ғана бізге "1 қарашаға дейін жаңа су құбырына қосылыңдар" деген хабарлама келді. Ал біз оған қалай қосыларымызды білмейміз. Құбыр салынған орды көміп тастаған, қай жерде екенін білмейсің. Үйден де алыс жатыр. Ал "Өскемен Водоканалға" хабарлассақ, "құбырды тартып берген біз, оған қосылу сіздердің мойындарыңызда" деп жауап берді, - дейді тұрғын Андрей Бабаев.

Ал "Өскемен Водоканал" қызметкерлері №419, 421, 423, 425-ші үйлердің маңында су құбыры жолдың астына салынғанын айтады.

- Өйткені бұл үйлердің маңындағы жер қабаты тым қатты. Сондықтан құрылысшылар тесу әдісі арқылы №423 үйдің қарама-қарсы жағына бір ғана тесік жасап, су құбырын тарттық, - дейді кәсіпорынның бас мердігері Андрей Алехнович.

Енді бас инженер бұл маңда іске қосу жұмыстары жасалатындығын, жер үйлердің су құбырына қосылатындығын айтады.

Мұның барлығы насос стансасының жұмысы басталғанға дейін бітуі тиіс.

Следующая →