Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +4°
$
519.61
610.13
¥
73.73
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыдағы тәуліктік супермаркетте өрт шықты

Алматыдағы Жетісу-3 шағын ауданындағы "Магнум" тәуліктік супермаркетінде дүйсенбі күні таңертең өрт шықты

Бұл туралы қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова хабарлады.

Оның сөзіне сүйенсек, 6.56-да "101" нөміріне өрттің шығуы туралы хабар түскен.

- Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Екі бутик жанып, өрт "Магнумның" кіре берісіне беттеген. Ғимараттың оң қабырғасы өртке оранған. Құтқарушылар тілсіз жаудың өзге бутиктерге жетуін уақтылы тоқтатты, - деді ол.

Өрт 7.29-да ауыздықталды да, 7.38-де толықтай жойылды. Өртенген алаң ауданы 70 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен күрес жұмыстарына Алматы өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының 56 маманы мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Следующая →