Өскеменде электроника жинайтын контейнер орналастырылды
"Промотхоз Қазақстан" кәсіпорны облыс орталығында қоқыс жинаудың жаңа жобасын іске қосты
Кәсіпорын электр жабдықтары қалдықтарын жинастыра, оны утилизациялай отырып, Өскемен қаласының экологиясын жақсартуды ойлап отыр.
- Контейнерлер берік металдан жасалып құлыпталған. Оны ешкім бұза алмайды. Бұл контейнерлерге тұрғындар істен шыққан ұялы телефон, шәугім сынды шағын электр құрылғыларын тастай алады. Ал сынған тоңазытқыш, теледидар сынды ірі жабдықтарды біз өзіміз алып кете аламыз. Ол үшін тұрғындар бізге хабарласуы керек. Қоңырау шалу тегін, - дейді кәсіпорынның менеджері Алтынбек Темірғалин.
Қазірші уақытта қалада мұндай контейнерлердің бесеуі орналастырылған. Олар әлі де көбейе түспек.
Следующая →