Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Сауд Арабиясы билігі Жамал Хашоггидің қазасын мойындады

Сауд Арабиясы билігі оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің қаза болғанын мойындады

Сауд Арабиясы мемлекеттік прокурорының мәлімдеуінше, осы елдің Стамбулдегі консулдығына кірген Хашогги онда өзін қарсы алған адамдармен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Осы оқиғаға байланысты Сауд Арабиясының 18 азаматы ұсталған.

Сауд Арабиясы королі Салман тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салман басқаратын министрлер кабинетіне мемлекеттік барлау қызметінің жұмысын қайта құруды бұйырған. Ханзаданың екі жоғары лауазымды кеңесшісі қызметтерінен босатылған. Олардың бірі - барлау қызметі басшысының орынбасары, генерал-майор Ахмед әл-Ассири. The New York Times басылымының дерегінше, ел билігі оны журналистің қазасына айыпты деп атамақшы да болған.

Хашоггидің өлімі дипломатиялық жанжалға себеп болды. Журналист жоғалып кеткен соң Еуропа Одағы мен АҚШ Сауд Арабиясына қарсы санкциялар салу мүмкіндіктерін талқылауға кіріскен. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Хашоггидің қазасының артында Сауд Арабиясы билігі тұрғаны анықталса, онда Эр-Риядқа қарсы шаралар қолданатыны туралы мәлімдеген.

Следующая →