"Торпедоның" Санкт-Петербургке сапары сәтсіз басталды
"Динамо" мен "Торпедо" кездесуі алдында өзгерістер орын алып, "Динамо" командасын Сергей Орешников бастады
ЖХЛ-2018/2019 тұрақты чемпионаты – Жібек жолы кубогі аясында "Торпедо" "Динамодан" 2:1 есебімен ұтылды.
Ойын қызықты өткенімен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Ойында динамолықтар басымдылық танытқанымен, қарсыластарының қақпасына шайба кіргізе алмады. Ал керісінше торпедолық Аркадий Шестаковтың соққысы есеп ашты. Алайда қарсыластар да ойынды қыздыра түсіп, Артем Чернов есепті теңестіріп алды. Артынша Александр Шевченко 34-ші минутта тағы бір шайба салып, 2:1 есебімен динамолықтар алға шықты. Ал үшінші кезеңде есепті теңестіріп алатын мүмкіндік болса, да сәттілік динамолықтар жағында болды.
- Ойын жылдам, қызықты өтті. Қысым күшті болатындығын біліп, қақпамызды қорғауға тырыстық. Өкінішке орай, контршабуылдан бір гол жіберіп алдық. Бізде де қарсыластың қақпасына шайба салатын жақсы мүмкіндіктер болды. Алайда осылай болып қалды, - деп бағалады "Торпедо" ХК бас жаттықтырушысы Мисхат Фахрутдинов.