Оралда екі жер учаскесі 3 мың теңгеден сатылды
Орал қалалық билігі жалпыға ортақ 7 аукцион өткізді
Оралдағы аукцион барысында екі жер учаскесі 3 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Сонымен қатар, барлық жер учаскелерін сатудан түскен жалпы түсім 1,3 млн теңгені құрады.
- Оралда және Круглоозерное ауылында 7 коммерциялық жер учаскесі аукционға қойылды. Аукционға қатысу үшін жеті лот бойынша 15 өтініш (10 адам) ұсынылды. Аукционнан кейін жеті жер телімін минималды баға үш мың теңгемен, ең көп дегенде 1,01 млн теңгеге жалға беру құқығымен сатылды, - деп хабарлады Орал әкімдігінің баспасөз қызметі.